Ардагерлер кеңесі мұражайында колледж студенттері университет ардагері, экономика ғылымдарының докторы, профессоры, ҮҒА академигі, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 14 жыл ректор болған Ю.В. Баталовпен кездесті.
Юрий Васильевич жастарға студенттік өмірі, кәсіби мансабы туралы, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы он жылдығында жоғары оқу орнының даму жолын, жаңа мамандықтар мен факультеттердің ашылу тарихын баяндады. Институт бұл жылдары техникалық университет дәрежесін алып, ақылы оқуға абитуриенттер келе бастады. Сол кезеңде өңірлік ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау орталығы құрылды. Өндіріс орындарында кафедра филиалдары, қала мектептерінде инженерлік сыныптар ашылып, үгіт насихат жұмыстары белсенді жүрді. Оқытушылар, қызметкерлер мен студенттердің әлеуметтік тұрмыстық жағдайына назар аударылды. Әскери кафедра қайта ашылды.
Тыңдаушылар әскери білімді ерлер ғана емес, қыздар да ала бастағанын ұйып тыңдады. Юрий Васильевич жоғары оқу орнының жетістіктерін тату, кәсіби білікті профессорлық оқытушы құрам ұжымының еңбегімен байланыстырады. Университеттің ұйымшылдық дәстүрін де дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер қалыптастырып кеткен.
ЖОО түлегі Юрий Васильевич өз ұстаздары туралы жылы естеліктер айтып, ғылымға жетелеген ұлы сөздерін қайталады.
Ардагер жастарға айтқан ақылында, ғылым жолындағы белсенділікті, өз пікіріңді қорғауды, тәртіпті болуды және берік саяси ұстанымның болуын ерекше атап өтті.
Жастар алғашқы ректор Д. Серікбаев туралы, екінші ректор А.К. Сидоров отбасылық династиясы, 70 пайызы өз түлегіміз болып табылатын университет ұстаздары туралы ұйып тыңдады.