Алтайды кешенді зерттеудің ғылыми-білім беру орталығы Шығыс Қазақстан облысындағы Делбегетей тау алабы мен Ұлан ауданы аумағында дала экспедициясынжүргізді. Экспедиция жұмысына ҒЗО және АКЗ жетекшісі А.Смағұлова,мультифизикалық зерттеулер, жобалау және инжиниринг зертханасының меңгерушісі А.Охотенкожәне Политехникалық мұражайдың суретші-көркемдеушісі В.Калинин қатысты.

Дала жұмысының ұйымдастырылу себебі – экскурсиалық материалды методикалық және методолгиялық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін ғылыми деректер жинау, сонымен қатар, ШҚМТУ-дағы Политехникалық мұражайдың Тау-кен ісі және Металлургия залына арнап шынайылықты толықтыра түсу. Мұнымен қоса, кешенді экспедиция – «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағытын жүзеге асыру іс-шараларының бірі болып табылады. Себебі, бұл экспедиция Елбасы ұсынған бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі – мәдени нысандар мен тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруді мақсат етеді.

Экспедиция маршруты аймақтағы археологиялық нысандарды бойлай жүрді. Яғни, Ақбауыр үңгірі, Сартынбет көлі және қалайы өндірісінің көне қазба орындары:Қарағойын, Баймырза, Асқаралы.

Жүргізілген дала жұмыстары барысында экспедиция қатысушылары көне шахталарды, тау жынысы құрамын және кен жолақтарын мұқият зерттеп шықты.Мұражай экспозициясын толықтыру мақсатында кең көлемдегі геологиялық материал жинақталды: порфирит, жөгінді жыныс және кварц үлгілері, экспозицияны көркемдеу мақсатындағы табиғи материалдар.

ФНоЗ деканы, профессор А.Бубняктың Баймырза нысанына жасалған сапарлардың біріне қатысуы – геологиялық процестер шеңберінде көне қазбалардың түзілуі және тау-кен орындары турасындағы экскурсия қатысушыларының түсінігін мейлінше кеңейте түсті.Ол геологилық компас арқылы өлшемдер жасап, геологиялық сканерлеу арқылы кен орнының жерасты жағдайын зерттеу бойынша ұсыныстар берді.

Дала жұмыстары барысында ландшафт, геологиялық нысандар, тау-кен материалының фактурасы, көне шахталардағы жерасты камераларының ішкі жағдайы, жартасқа салынған суреттер түгел дерлік аэрофотоға түсірілді. Түсірілім қорытындысы нысандарды кеңістікте, бейнематериалдар мазмұнында және қосымша шынайылықта 3D-модельдеу негізіне енгізіледі.

Экспедиция жұмысының маңызды бөлігі – археологиялық нысандар мен ландшафтың көркем құрылымын (этюд) салу болды.Бұл жұмысты Политехникалық мұражайдың суретші-көркемдеушісі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі В.Калинин жүргізді. Этюдтар мұражай залына экспозициялануға әзірленді. Сөйтіп, ол жұмыстар тау-кен тәжірибесінің тарихи репрезентациясын толықтырып, палеолит пен ерте темір дәуірі арасын жалғайтын болады.

Экспедиция қатысушылары түрлі елді мекендердегі маршруттары дөп келген аймақ өлкетанушылармен жаңа байланыс орнатып, көптеген маңызды ақпаратқа қол жеткізді. Сондықтан, экспедиция жұмысына араласып, қолдау білдіргендері үшін экспедиция ұжымы оларға шексіз алғыс білдіреді.

Өскемен қаласындағы облыстық мұражайлардың алдыңғы қатарлы мамандары Г.КущжәнеГ.Петеневке ақпаратпен бөлісіп, ынтымақсатықта болуға және жаңа жобаларды жүзеге асыруға әзірліктері үшін айрықша алғыс білдіреміз.

Экспедиция қатысушыларының ұжымы Плитехникалық мұражай және Алтайды кешенді зерттеудің ғылыми-білім беру орталығы шеңберінде ғана емес, аймақ көлемінде қола дәуірдегі тау-кен металлургиялық бірегей тәжірибені қайта құру бойынша маңызды мәселелерді шешуге ұйытқы болған университет басшылығына зор алғысын білдіреді.