29 мамырда Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ залында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген және жоғары оқу орнына ұсынылған жаңа оқулықтар таныстырылды.
Белгіленген жоба аясында университет қабырғасына 17 аталым бойынша 3878 дана кітап келіп түсті.Олар – «Төртінші индустриялық революция», «Әлеуметтік психология», «Экономикс», «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дарридаға дейін», «Менеджмент», «Әлеуметтану негіздері» сынды атақты оқулықтар болатын.
Таныстырылымға ғылыми кітапхана маманы Б.Тухметова, сонымен қатар, Г.Кунафина, А.Казыкешова сынды оқытушылар және «ҚХА» қоғамдық кафедрасының меңгерушісі Г.Сарсембаева қатысып, негізгі кітаптардың мазмұнына тоқталды.
– Бұл кітаптар – аударма мәдениетінің жаңа кезеңі деуге болады. Жоба аясында тағы 30 оқулықты мемлекеттік тілге тәжімалау жоспарлануда. Сөйтіп, алдағы оқу жылы білім ордасының оқу процесіне енгізу көзделуде, – деді Г.Сарсембаева.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі