Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын дәстүрлі емес түрде талқылауды біз «Инновациялық менеджмент» кафедрасының «менеджмент» және «маркетинг» мамандықтарының магистранттары таңдап алдық.
Президенттің Жолдауын тыңдағаннан кейін, біз үшінші индустриялық революция бойынша оның сөздеріне назар аудардық және ол бізді қызықтырды. Біздің оқытушымыз, профессор, э.ғ.к. Чикунов О.Н. бұл сұрақ бойынша «Қазіргі менеджмент» атты оқытылатын пән шеңберінде зерттеу жүргізуді ұсынды. Жоспар құрылды, міндеттер бөлініп берілді, жұмыс қызыды.
Кафедраның оқытушылары және өндірістің басшылары сұралды, ғаламтор жақсы қаралды және магистранттардың әрқайсысында едәуір қызықты мәліметтер жиналды.
Жиналған мәліметтермен тәжірибелік сабақта «Үшінші индустриялық революция. ХХІ ғасырдың менеджері» атты тақырыптағы дөңгелек үстел түрінде алмасу шешілді.
Дөңгелек үстелге Экономика және менеджмент факультетінің деканы және оның барлық орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, университеттің тәрбиелік жұмыстар бойынша проректордың орынбасары, факультеттің жетекші профессорлары, студенттiк өзiн-өзi басқарудың мүшелерi, магистранттар және студенттер шақырылды және олар оның жұмысына белсенді қатысты.
Біздің пікірімізше Қазақстанның болашағы және жаһандық әлемдегі оның рөлі туралы және ең бастысы ХХІ ғасырдың менеджері қандай болуы керек? Қандай білімдерге, дағдыларға және құзырға ие болуы керек? деген сұрақтарға жауап беретін қызықты әңгіме болды.
Біздің байқағанымызша, оқу сабақтарын дәстүрлі түрде емес, керісінше оның басқа әдістерін тауып өткізу қажет. Өткізілген дөңгелек үстел шынымен бұл жағдайға растау болды.
Дөңгелек үстелдегі өткізілген зерттеулер және мәліметтердің нәтижелерi бойынша Д.Серiкбаев атындағы ШҚМТУ Вестник ғылыми хабаршысына және «За знание» газетіне мақала дайындалды. Сонымен бiрге «Экономика және Менеджмент» факультетіндегі кафедра меңгерушiлеріне және университеттің оқу бөліміне бакалавр және магистранттардың оқу жоспарына үшінші индустриялық революцияға сәйкес келетін магистранттар мен студенттерді қалыптастыратын оқу пәндерін енгізу туралы ұсыныстар берілді.
Магистранттар және дөңгелек,үстелге қатысушылардың тапсырмасымен | Уалханова А.С.,12-NБМК-1 |