Бүгін жер туралы ғылымдар мектебінің (ЖтҒМ), Халықаралық инженерия мектебінің (ХИМ), Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің (СҚжЭМ), Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің (ЦТжЖИМ), Бизнес мектебінің (БМ) 32 білім беру бағдарламасын аккредиттеу жөніндегі сараптама комиссиясының сапары аяқталды.
Сараптамалық комиссияның сапары аясында университеттің жоғары басшылығымен, қызметкерлермен, ПОҚ-мен, түлектермен, білім алушылармен және жұмыс берушілермен кездесулер болды. Зертханаларға, тәжірибе базаларына экскурсия және құжаттаманы зерттеу сарапшыларға университеттің инновациялық қызметін бағалауға мүмкіндік берді.
Күннің соңында сыртқы аудиттің алдын ала қорытындыларын шығару және есеп жобасын дайындау жүргізілді.
Аккредиттеу жөніндегі қорытынды шешім САААЕ Аккредиттеу Кеңесінің отырысында қабылданатын болады.