Бүгін Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде салтанатты «Соңғы қоңырау» рәсімі өтті. Бұл – әрбір мектеп бітіруші түлек үшін ұмытылмас, ерекше толқынысқа толы сәт. Шараға ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар жиналып, түлектерге ақ жол тіледі.

Мерекелік жиынның құрметті қонағы ретінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, басқарма мүшесі, PhD докторы Жадыра Түсіпқанқызы Қонұрбаева қатысты. Ол түлектерге жүрекжарды тілегін білдіріп, білімге деген құштарлық пен табандылық тілеп, болашақта үлкен жетістіктерге жетуге сенім артты.

Бұл шара – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын маңызды белес. Мектеп қабырғасындағы соңғы қоңырау үндері жас түлектердің жадында мәңгі сақталары сөзсіз.