Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне HUAWEI компаниясының өкілі ресми сапармен келді. Кездесу жоғары білім беру жүйесін цифрлық түрлендіру саласындағы стратегиялық ынтымақтастықтың келешегін талқылау және серіктестікті кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
HUAWEI Қазақстан өкілеттілігінен коммерциялық бизнес бойынша директор Гон Дана болды. Университет тарапынан кездесуге университеттің Басқарма кеңесінің мүшесі, стратегиялық даму жөніндегі проректор Несіпқалиев Улан Еренғалиевич, Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің, сондай-ақ Ақпараттық технологиялар департаментінің қызметкерлері қатысты.
Сапар аясында университеттің цифрлық трансформациясының негізгі бағыттары таныстырылған жұмыс кездесуі өтті. Негізгі жобалар ретінде: «Цифрлық университет» жобасы; Университет базасындағы "HUAWEI академиясы" бастамасының жүзеге асырылуы таныстырылды.
Сонымен қатар, қонақтарға Industry AI орталығына экскурсия ұйымдастырылып, ондағы зертханалар мен ғылыми жобалар көрсетіліп, HUAWEI академиясының зертханасын аралап көрді.
Цифрлық трансформацияның қажеттілігі мен стратегиясын талқылау – университеттің заман талабына сай дамуының маңызды негізі. Осы орайда, «Цифрлық университет» атты бірлескен демонстрациялық алаңды құру перспективалары қарастырылып, оның жүзеге асу бағыттары мен кезеңдері анықталды. Бұл ынтымақтастық университеттің білім беру сапасын арттыруға және цифрлық технологияларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Бұл сапар университеттің жаһандық технологиялық компаниялармен әріптестігін нығайту және жоғары білімді жаңғырту міндеттеріне сәйкес университеттің цифрлық экожүйесін дамыту жолындағы маңызды қадам болды.