Өскемен қаласында "KAZ Minerals Half Marathon Oskemen" қалалық жартылай марафоны өтті - бұл жүгіруді сүйетіндерді, салауатты өмір салтын жақтаушылар мен қала қонақтарын біріктіретін ауқымды спорттық іс-шара.
Шараға ШҚТУ оқытушылары: Дария Альтемирова, Талғат Қайратбекұлы, Меруерт Әділқанова, Сәуле Абдулина, Айна Камалова белсенді қатысты. Олардың әрқайсысы 5 км қашықтықты абыроймен жүгіріп, жартылай марафонға қатысушының естелік медалін алды!
Біздің оқытушылар салауатты өмір салтын таңдайды!