Кеше университетімізде Қазақстан Республикасындағы АҚШ Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюмді қарсы алдық. АҚШ елшісімен бірге Орталық Азиядағы өңірлік USAID миссиясы директорының міндетін атқарушы Луис Ривера, агенттіктің энергетикалық жобалар бойынша маманы Сергей Елькин де келіп отыр.

Қонақтар ШҚТУ-дың материалдық техникалық базасымен танысып, ғылыми-өндірістік кешендерді, «Үлкен Алтай» мұражайын, ғылыми кітапхананы және оқу залын аралады.

Біздің университет бірқатар американдық NewSchool of Architecture and Design (NewSchool, NSAD), Colorado School of Mines, Delaware университеттерімен тығыз байланыс орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асырады. Бұл туралы қонақтармен өткен екі жақты жиын барысында аталып өтті. Екі ел университеттерінің байланысы аясындағы жобалар талқыланып, АҚШ елшісі және USAID миссиясы университеттің жаңартылатын энергия көзі және электроэнергия саласындағы мүмкіндіктері, тәжірибесі және жобаларына қызығушылық танытты.

Кездесу соңында өзара әрекеттестік мүмкіндіктері, ұсыныстарды қарау туралы келісілді.

Сондай-ақ, Орталық Азиядағы USAID өңірлік миссиясы директорының міндетін атқарушы Луис Ривера, энергетикалық жобалар агенттігінің маманы Сергей Аникин ШҚТУ-дың профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.