Құрметті Бағдат Нұрланұлы!
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды!
Қазақ азаматы «қырықта қамал алу тиіс» болса, жасыңызға сай ерлік жасаған деп толық мойындаймыз! Ғылым саласына, ел экономикасына, университет әлеуетіне қосып жүрген үлесіңіз сөзсіз жоғары.
Жасыңызға жас қосылып, ұзақ та, баянды ғұмыр кешіңіз! Ғылыми жаңалықтарыңыз, сол еңбектің нәтижелі жемісін көріңіз!
Отбасыңызға береке бірлік, бақыт және байлық тілейміз!