Д. Серікпаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жолды пайдалану бөлімшесі (ЖПБ), орман отырғызу бөлімшесі (ООБ) бастықтары мен шеберлерінің біліктілігін арттыру бойынша автомобиль жолдарын күтіп ұстау мәселелері бойынша семинар өтті.
Семинарды "ҚазАвтоЖол" ЖШС ШҚОФ басшылығы атынан, ШҚТУ 6В07115 "Автомобиль жолдарын жобалау және салу" ББ оқытушыларының қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинар ақпараттық және өндірістік бөлімдерден тұрды.
Ашылу салтанатында "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ ШҚОФ директорының орынбасары Олжас Салютбекұлы Ахметовтың баяндамасы тыңдалды.
Баяндауңшылар арасында, тағы: Қалымов Бақыт Қалымұлы-Шығыс Қазақстан облыстық автожол басқармасы директорының бұрынғы орынбасары, жол саласының ардагері; Ескенов Айдын Айтқалиұлы – "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ ШҚОФ директорының м. а.; Даумов Еркін Камалбекұлы – "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК ШҚО материалдары жөніндегі инженері және т. б. сөз сөйледі.
Семинардың ақпараттық бөлігінің міндетті тақырыбы, ШҚТУ 6В07115 "Автомобиль жолдарын жобалау және салу" ББ басшысы Бакирбаева Анар Ақылбайқызы жүргізген кәсіби бағдар беру әңгімесі болды.
Ақтанов Серік Қасымбекұлы қорытынды сөз сөйледі, ол өз кезегінде семинарға қатысушылардың, оқытушылар мен өндірушілердің, назарына автожолдарды күтіп ұстау және пайдалану, сапалы күтіп ұстау, Республикалық маңызы бар автожолдарда жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу бойынша кең және алуан түрлі ақпарат ұсынылғанын және автожолдарды күтіп ұстау проблемалық мәселелері тұтастай қарастырылғанын атап өтті.
Соған қоса, ол осы мамандық бойынша, кәсіпорындарда, жұмыскер жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге баса назар аударды.