ШҚТУ түлегі Расул Рахимов Қазақстан Жоғары аудиторлық палатасы мүшесі қызметіне тағайындалды.
Университет ұжымы түлегін жаңа қызметіне тағайындалуымен құттықтайды!
Жаңа жетістіктер, мүмкіндіктер мен жеңістер. Шын жүректен ерік жігер, қызметтік табыс, сенім мен шешімталдық тілейміз.
Айта кетейік, 2022 жылғы 26 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы Жарлыққа қол қойып, ережені бекітуге қаулы етті. Осы Ережеге сәйкес палата сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады және есеп беретін жоғары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы болып табылады.