17 сәуірде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Директорлар кеңесінің отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі басты мәселе – университеттің жаңа басқарма мүшелерін сайлау болды.
Стратегиялық даму жөніндегі проректор – басқарма мүшесі болып Несіпқалиев Ұлан Ереңғалиұлы, ал халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор – басқарма мүшесі болып Сәрсембаева Арайлы Әлібекқызы сайланды.
Директорлар кеңесі жаңартылған басқарма құрамының университеттің дамуына және алға қойылған мақсаттарға жетуге елеулі үлес қосатынына сенім білдіреді.
Қызметке тағайындалған әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, кәсіби өсім және зор денсаулық тілейміз!