Құрметті әріптестер!

Аты зор, әлеуеті биік ғалым қауымын кәсіби мерекеміз - Ғылым күнімен құттықтаймыз!

Адамзат бағындырған барша жетістіктің бастауын ақыл мен ғылым құрайды. Бүгінгі өркениеттің орнықты дамуында ғылымның алар орны бөлек.

Білім мен ғылым бір тамырдан нәр алған егіз ұғым. Жоғары оқу орындары талапты азаматтардың білімін шыңдап, зиялы ізденістер арқылы ғылым игеруге қадамын түзейді. Университеттік білім зияткер ұлттың, ғылыми әлеуеттің, жаңашыл инновацияның бірегей ортасы.

Отандық ғылымның белесін айқындап, қазақстандық ғалымдардың беделін айшықтайтын бүгінгі кәсіби мерекеде Өздеріңізге деген шынайы ықыласты құрметімді жеткізе отырып, ғылыми ізденістеріңізге табыстар, шығармашылықтарыңызға кең өріс тілеймін. Серпін болар жетістіктеріңіз молынан болсын!

ШҚТУ ұжымы