Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Гүлжан Сағидоллақызы Жарасованы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды.

Жоғары білім беру саласындағы мол тәжірибеңіз бен кәсіби біліктілігіңіз еліміздің білім беру жүйесін дамыту ісіне зор үлес қосатынына сеніміміз мол.

Сізге мықты денсаулық, сарқылмас жігер мен еліміздің білім және ғылым сапасын арттыру жолындағы еңбегіңізге сәттілік тілейміз.

Құрметпен, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры С.Рахметуллина