Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 2025 жылдың 2–16 маусымы аралығында өткен макулатура жинау байқауының қатысушылары марапатталды. Инициатива экологиялық мәдениетті дамытуға және университет қауымдастығын қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты іс-шараларға тартуға бағытталды.

Акция республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы аясында өтті. Бұл бастаманың мақсаты  азаматтардың табиғатқа деген жауапты көзқарасын қалыптастыру, қалдықтардың көлемін азайту және экологиялық мәдениетті арттыру. Университеттің осы акцияға белсенді қатысуы тұрақты даму саласындағы ұлттық және өңірлік міндеттерді жүзеге асырудағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Байқау барысында жүздеген килограмм қайта өңдеуге жарамды материалдар жиналды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сыйлықтар экологиялық және Well-being тұжырымдамаларына сай дайындалып, пайдалы, көп рет қолдануға болатын және ұзақ мерзімді заттарға басымдық берілді.

Осындай іс-шаралар экологиялық саналы мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етіп, университет өмірінде тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетеді және «Таза Қазақстан» акциясының мақсаттарына қолдау көрсетеді.

  Іс-шарадан Фото