Профессорлық оқытушылық құрамнан құралған Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың волейбол командасы политехникалық колледждің кубогын жеңіп алды. Іс-шара Өскемен политехникалық колледжінің 65 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Аталмыш жарысқа келесі командалар қатысты:

  • Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ
  • Политехникалық колледж
  • Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
  • Шығыс Техникалық-гуманитарлық колледжі
  • Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжі
  • Глубокое ауылшаруашылық колледжі

Университетіміздің намысын қорғаған команда құрамында дене шынықтыру және спорт кафедрасының жетекшісі Б.Даумов және кафедра оқытушылары С. Ақтаев, Б. Асылбеков, С. Бекбосынов, Б. Канапиянов, О. Манцуров, Т. Нұралдинов, М. Нұрахметов, М.Сабитов және Е. Шимин болды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі