Университетімізде қалыптасып үлгерген дәстүрге сәйкес, Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-нің барлық қызметкерлері 21 сәуір күні сенбілік жасады. Күн-райы шуақты болған бұл күні университет қызметкерлерінен құралған жұмыс топтары өздерінің және жақын маңдағы аумақтарда тазарту жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік - біздің университеттегі ең керемет дәстүрлердің бірі, - деп университет қызметкерлері атап өтті. - Сенбілік бейресми қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу үшін жағдайлар жасайды, қажетті байланыстар орнатуға, әріптестерге бір-бірімен жақсы танысуға мүмкіндік береді. Ал ортақ игілік үшін бірлесе атқарылатын жұмыстың адамдарды біріктіретіні бұрыннан мәлім.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі