Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы «Сәулеттік орта дизайны» (6В07313) білім беру бағдарламасы студенттерінің жарқын жетістіктерін мақтан тұтатынын білдіреді.

2026 жылдың 8 сәуірінде Халықаралық білім беру корпорациясының Дизайн мектебі базасында (ҚазБСҚА, Алматы қ.) Республикалық пәндік олимпиаданың шешуші ІІ кезеңі өтті. «Сәулеттік дизайн элементтері мен процестері» (3-курс) және «Сәулеттік дизайн нысандарын жобалау» (4-курс) пәндері бойынша өткен кәсіби сайысқа Қазақстанның 7 жетекші бейіндік жоғары оқу орнынан 53 студент қатысты.

Республикалық пәндік олимпиаданың II (жоғары оқу орны аралық) кезеңінің нәтижесі бойынша біздің білім алушыларымыз дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:  

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

  • I дәрежелі диплом — Рақымхан Мейірулла (4-курс, 22-ДА-1). «Сәулеттік дизайн нысандарын жобалау» пәні бойынша жеңіс.
  • II дәрежелі диплом — Александров Данил (3-курс, 23-ДА-1). «Сәулеттік дизайн элементтері мен процестері» пәні бойынша жеңіс.

Кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі үшін арнайы дипломдардың берілуі ерекше жетістік болды.  

Vertex Studio компаниясынан жоғары кәсіби дағдылары үшін арнайы дипломдармен келесі студенттер марапатталды:

  • Рустамова Зере (4-курс, 22-ДА-1)
  • Тугумбаева Дайана (4-курс, 22-ДА-1)

Бұл марапаттар Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің салалық стандарттарға сай келетін білікті мамандар даярлайтынын тағы да дәлелдей түсті.
Олимпиадада көрсеткен жоғары нәтижелері үшін студенттер Халықаралық білім беру корпорациясының (ҚазБСҚА, Алматы қ.) Жазғы мектебі аясында өтетін дрондарды басқару және FabLab зертханасында жұмыс істеу бойынша білім беру курстарына қатысуға шақырылды.

Тек студенттерді ғана емес, сонымен қатар олардың тәлімгерлерін — «Сәулет» және «Сәулеттік орта дизайны» мамандықтарының оқытушыларын да құттықтаймыз. Сіздердің еңбектеріңіз, төзімділіктеріңіз бен кәсібиліктеріңіз осы жеңістердің негізі болып табылады.

Әрбір жаңа оқу жылы бұдан да көп талантты студенттер әкелсін, ал шеберханаларыңызда әрдайым шығармашылық пен батыл идеялардың ахуалы салтанат құрсын деп тілейміз. Шәкірттеріңіз өз жобаларымен есімдеріңізді бүкіл әлемге таныта берсін!