EKTU Science Week аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 1 курс студенттері арасында қазақ және орыс тілдері бойынша олимпиадалар өтті.

Қазіргі заманғы инженер үшін коммуникативтік дағдылар өте маңызды. Ойды нақты жеткізу, мәтіндермен жұмыс істеу және кәсіби ортада тілді еркін қолдану студенттерді даярлаудың негізгі бөлігі болып табылады.

Олимпиадаларға тілдерді меңгеруге қызығушылық танытып, өз білім деңгейін тексеруге ұмтылған студенттер қатысты. Қатысушыларға әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылды: ғылыми және оқу-кәсіби мәтіндермен жұмыс, тілдік құрылымдарды талдау, сауаттылықты тексеру және ойды нақты тұжырымдау.

Студенттер тілді еркін меңгергенін көрсетті: күрделі мәтіндерді талдау, грамматикалық және синтаксистік құрылымдармен жұмыс істеу және академиялық ортада тілдік білімді қолдану қабілетін дәлелдеді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қазақ тілі

B1 деңгейі:
  • I орын – Саламохина Алиса (25-МК-1)
  • II орын – Бобкин Кирилл (25-УД-1); Церцлав Максим (25-ЗК-1)
  • III орын – Клиновицкая Валерия (25-ИС-1); Алексеева Милана (25-БЭ-1)
B2 деңгейі:
  • I орын – Құрманғали Дильназ (25-АР-1)
  • II орын – Амангельдинова Арайлым (25-ЭЛ-1); Нұрсолтанова Жанерке (25-ХОС-1)
  • III орын – Амангелді Рамина (25-ДА-1); Әділбеков Мансұр (25-ЭЛ-1)

Орыс тілі

B1 деңгейі:
  • I орын – Өмірбеков Айқын (25-ДСК-1)
  • II орын – Мукатаева Еркежан (25-АЭС-1п); Абдигаппар Балауса (25-ХОСК-1)
  • III орын – Ерланов Мансур (25-ЭЛК-1); Мейранбек Есмир (25-ВРК-1); Исабаева Аяулым (25-УДК -1)
B2 деңгейі:
  • I орын – Жанайдарқызы Ұлпан (25-ЗКК-1)
  • II орын – Ақанова Аяулым Назырқызы (25-ЗКК-1); Советова Анеля (25-ЗКК-1)
  • III орын – Кумарбек Ерасыл Куанышұлы (25-БЖК-1); Елеухан Әли Нурлыбекұлы (25-ГТК-1)
C1 деңгейі (15 сәуір 2026 ж.):
  • I орын – Токанова Аида (25-ССК-1)
  • II орын – Газезов Алихан (25-ГДК-1); Муратханова Анель (25-РТК-1)
  • III орын – Сулейманов Мадияр (25-ССК-1); Мұхамеджанова Жібек (25-ССК-1); Әділет Аделина (25-МКК-1)

Қатысушыларды оқудағы жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз!

Тілдер құзіреттілік орталығы