Конкурстық комиссияның шешіміне (2026 жылғы 19 қаңтардағы № 2 хаттама) сәйкес 2025 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша «ШҚТУ Айының үздік қызметкері» атағы Ақпараттық технологиялар департаментінің Сүйемелдеу және ақпараттық технологиялар басқармасының екінші санатты инженері Машаев Ерболат Жомартовичке берілді.
Кәсіби қызметіне жоғары баға оның кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейі, бастамашылдығы және лауазымдық міндеттерін адал әрі сапалы орындағаны үшін берілді. Атап айтқанда, Ғылым және жоғары білім министрлігінің сұранысы бойынша қысқа мерзімде жасанды интеллект саласындағы кәсіпкерлік пен ЖИ-бағдарламалауды акселерациялауға бағытталған AI-Sana республикалық экожүйесінің веб-сайтын әзірлеп, іске қосқаны үшін; университеттің имиджін нығайтып, ұлттық және халықаралық рейтингтердегі позицияларын арттыруға ықпал ететін ШҚТУ-дың ресми сайты мен стратегиялық маңызы бар web-ресурстарының тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз еткені үшін; сондай-ақ университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, ШҚТУ-дың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі үшін.
Машаев Ерболат Жомартович Құрмет грамотасымен және белгіленген еңбекақы қоры шегінде лауазымдық айлықтың 50 % мөлшеріндегі біржолғы ақшалай сыйақымен (премиямен) марапатталды.