Конкурс комиссиясының шешімі (№ 1 хаттама, 2025 жылғы 9 желтоқсан) негізінде «ШҚТУ Айының үздік қызметкері» атағы 2025 жылғы қараша айы үшін Есполова Зухра Аблкасымовнаға, СҚжЭ мектебінің аға оқытушысына берілді.

Кәсіби қызметінің жоғары бағасы кәсіби біліктілігі мен көрсеткен еңбексүйгіштігі үшін, соның ішінде: «ТауКен Самұрық» АҚ мамандарын компьютерлік модельдеу саласында даярлау барысында көрсеткен жоғары педагогикалық шеберлігі мен кәсібилігі; «ДАРЫН» Шығыс Қазақстан облысының дарынды балалар мен қосымша білім беру орталығымен ынтымақтастығы; Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының педагогтары арасындағы Республикалық салалық кәсіби шеберлік форумында сарапшы ретінде қатысқаны үшін берілді.

Есполова Зухра Аблкасымовна Құрмет грамотасымен және жалақысының 50%-ын құрайтын біржолғы ақшалай сыйақымен, бекітілген жалақы қоры шегінде марапатталды.

Зухра Аблқасымовнаны лайықты танылуымен құттықтап, одан әрі кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер және маңызды білім беру жобаларын іске асыруды тілейміз!