Бұл кәсіби мереке дәстүрлі түрде сәуір айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді және Жер қойнауын зерттеуге, пайдалы қазбаларды іздеуге, табиғи байлықтарды зерделеуге өз өмірін арнаған барша мамандарды біріктіреді.

Геолог мамандығы ғылымның, экономиканың және өнеркәсіптің дамуы үшін аса маңызды. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында жаңа кен орындары ашылып, өңірлер дамып, ел болашағының берік негізі қаланады.

Сіздерге жаңа жаңалықтар, кәсіби табыс, шабыт пен үлкен жетістіктерге бастар жолда сенімді қадам тілейміз!