Құрметті оқытушылар, ғалымдар, қызметкерлер және университет ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жоғары білім – елдің интеллектуалдық және технологиялық дамуының маңызды негізі. Университет қабырғасында жаңа білім қалыптасып, ғылыми идеялар мен инновациялық жобалар өмірге келеді, ел экономикасының болашағын айқындайтын білікті мамандар даярланады.

Бұл жолда оқытушының орны ерекше. Әрбір дәрістің, ғылыми жобаның, студенттің жетістігінің артында ұстаздың білімі мен тәжірибесі, үздіксіз ізденісі және үлкен жауапкершілігі тұр.

Бүгінде жоғары білім беру саласының алдында жаңа міндеттер тұр. Ғылымды дамыту, заманауи технологияларды енгізу, білім, ғылым және өндіріс арасындағы байланысты нығайту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және уақыт талабына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлау – ортақ мақсатымыз.

Осы мерекелі күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымына және саналы ғұмырын білім мен ғылымға арнаған университет ардагерлеріне кәсібіне адалдығы, жас ұрпақты тәрбиелеуге және еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт, ғылыми ізденістеріңізге табыс, жаңа жетістіктер мен дарынды шәкірттер тілейміз!

Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күні құтты болсын!