1 қазан – аға буынға құрмет пен ризашылық білдіретін ерекше күн. Олардың білімі, тәжірибесі мен көп жылғы еңбегі кейінгі ұрпақтың жетістіктеріне берік негіз қалады.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің тарихында ардагерлеріміздің орны айрықша. Олар жылдар бойы университеттің білім беру және ғылыми дәстүрлерін қалыптастырып, нығайтуға, білікті мамандар даярлауға, ғылымды дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Студенттерге кәсіби білім берумен қатар, еңбекке адалдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Бүгінде университет жаңа бағыттарды дамытып, заманауи технологияларды енгізіп, халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтуде. Осы жетістіктердің негізінде аға буын өкілдерінің көп жылғы қажырлы еңбегі, жинақтаған тәжірибесі мен қалыптастырған дәстүрлері жатыр.
Университетке деген адалдықтары, даналығы мен мол тәжірибесі, бірнеше буын түлектерді тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Әр күн жақын жандардың жылуына, әріптестер мен шәкірттердің ықыласына, жақсы кездесулер мен қуанышты сәттерге толы болсын.