Құрметті Гүлзат Ізбасарқызы! Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті атынан және өз атымнан Сіздің жоғары білім және ғылым вице-министрі лауазымына тағайындалуыңызбен құттықтаймыз.

Сіздің кәсіпқойлығыңыз, заман талабына сай басшылығыңыздағы іскерлік қасиетіңіз, жинақтаған мол тәжірибеңіз бен біліміңіз, жоғары білім және ғылым саласындағы стратегиялық мәселелерде сәтті шешім табуға септігін тигізері хақ.

Өзіңізге мықты денсаулық, кәсіби жетістіктерге жетуде қажымас қайрат пен сәттілік тілейміз. Сізге және жақындарыңызға бейбітшілік, игі жақсылықтарды тілейміз!