Ағылшын тілінен өткен 45 Бүкілресейлік (халықаралық қатысуымен) "Жазбаша аударма" онлайн олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Аталған олимпиадаға ШҚТУ 1 курс студенттері: Иманжанова Балауса, Дремлюгин Роман, Евдокимов Александр, Красиков Егор, Алексеев Иван, Кузнецова Полина белсенді қатысты.
Онлайн олимпиаданың қорытындысы бойынша 3 дәрежелі дипломмен Красиков Егор (24-ИС-1), Алексеев Иван (24-ИС-1), Кузнецова Полина (24-БФ-1) марапатталды.
Олимпиаданың барлық қатысушылары, сондай - ақ олардың ғылыми жетекшілері: Попкова Е.В., Горбань Е.Е., Калелова И.М. қатысу сертификаттары мен алғыс хаттармен марапатталды.