Бәсекеге қабілетті болу үшін үнемі оқып, біліктілікті арттыру маңызды. ШҚТУ елдегі ең үздік техникалық университеттердің бірі болғанына қарамастан, жыл сайын мамандардың білімдерін заман ағымына сай жетілдіруді қолға алған. Кез-келген оқу орнының негізгі ресурсы - адами капитал. Сондықтан биылғы жылы ЖОО-ның ПОҚ және қызметкерлері үшін көптеген семинарлардың өткізілуі жоспарланған.
Бүгін ШҚТУ профессор-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары үшін біліктілікті арттыру курстары басталды. Тақырыбы - «Жоғары оқу орындарында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін орнату».
Оқытуды Astana IT University ректоры - бас спикері Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы бастаған бір топ мамандар жүргізеді. Сонымен қатар, университет қызметкерлерімен проректор Өмірбаев Серік Мәуленұлы және сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Файзуллин әділ Рамазанұлы жұмыс істейді.
Біліктілікті арттыру курстары офлайн режимде өткізіліп жатыр. Үш күн ішінде келесі тақырыптар егжей-тегжейлі талқыланады: «Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі: жалпы модель, сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатты қалыптастыру және қағидаттары», «Қазақстандық жоғары оқу орындарында сапаны ішкі қамтамасыз ету стандарттары мен регламенттерін әзірлеуге жалпы тәсілдер». Сонымен қатар, практикалық тапсырмалар әзірленді. Дәріскерлер «Студентке бағытталған оқыту және бағалау», «Студенттерді қабылдау, үлгерім, тану және сертификаттау», «Студенттерді оқыту ресурстары және әлеуметтік қолдау», «Мерзімді сыртқы бағалау» және т.б. стандарттарды қалай әзірлеу керектігін айтады.