Ағымдағы жылдың 23 ақпаны күні, сағат 16.00-де «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге университетіміздің «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері мен белсенді студенттер қатысты. Кездесуде жас отаншылар өткен жарты жылдықтың қорытындысы мен жаңа жоспарлары бойынша ақпараттармен бөлісіп, баяндама жасады.
Қатысушы студенттер тарапынан салалы сұрақтар қойылып, көтерген мәселелер бойынша шешудің жолдарын ұсынылып, өз ойларын ортаға салды.
Іс-шараны әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.