Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтері үшін тәжірибеге бағдарланған семинар өтті. Семинарға денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы басқармаларының ведомстволық бағынысты ұйымдарының, өңірдің коммуналдық қызмет кәсіпорындарының, ӘКК және т. б. комплаенс офицерлері қатысты.

Семинарда облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасы басшысы Архат Бейсембаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының директоры Сергей Ковалев, ШҚТУ комплаенс-офицері Қуаныш Мықтыбаев және С.Аманжолов атындағы ШҚУ комплаенс-офицері Гүлмира Байыркенова сөз сөйледі.

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің өзектілігі мен маңыздылығы заңнамалық деңгейде айқындалған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңындағы соңғы өзгерістермен квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілді.

«Бұл бағытта облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірыңғай әдістемені қалыптастыру және Сіздерге комплаенс-менеджерлерге әдістемелік көмек көрсету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгін, осы семинарда біз Сіздерге жұмыстарыңызда пайдалану үшін қажетті барлық ақпаратты жеткізгіміз келеді», - деді Архат Бейсембаев өз сөзінде.

Бұдан әрі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының директоры Сергей Ковалев комплаенс қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажеттігі туралы айтты.

ШҚТУ университетінің комплаенс-офицерлері Қуаныш Мықтыбаев пен ШҚУ университетінің комплаенс-офицерлері Гүлмира Байыркенова сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін ұйымдастыру бойынша оң тәжірибелерімен бөлісті.
Айта кету керек, ШҚТУ 2021 жылдың соңында ИСО 370001 парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесін қолдануға сертификат алған.