Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Заң консультанттары палатасының өкілінің қатысуымен  «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру» тақырыбында дәрісі өтті.

Дәріс барысында спикер, студенттерге құқықтық мәдениет ұғымы, қазіргі қоғамдағы құқықтық сауаттылықтың маңызы, оны арттырудың негізгі жолдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, өз құқықтарын іске асыру мен қорғаудың практикалық аспектілеріне және заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, кездесу барысында құқықтың түрлі салалары бойынша викториналық сұрақтар қойылды. Оған студенттер белсенді қатысып, жоғары қызығушылық танытты. Викторина жеңімпаздарына естелікке сыйлықтар таратылды.

Аталған іс-шара студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруға, заңға деген құрметін арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын түсінуге ықпал етті. Студенттеріміз болашақта құқықтық мемлекеттің дамуына үлес қосатын белсенді, саналы әрі жауапты азаматтар ретінде қалыптаса берсін.