7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шаралар аясында интеллектуалды-ойын-сауықтық «Квиз» (Quiz) ойыны жоғары деңгейде өтті.
Шараға мектептер мен құрылымдық бөлімшелер белсене қатысып, өзара білім мен тапқырлық жарысында бақ сынады. Әр командада ер азаматтар мен студенттерден құралған, құрамында 6-8 адамнан болды. Қатысушылар тек білімі мен логикасын сынап қана қоймай, сонымен қатар ұжымдық бірлікті де көрсете білді.
Интеллектуалды сайысқа келесі командалар «Железные нервы» (ШАСиЭ), «Мы только посмотреть» (жинақталған команда), «Жеңіс Рухы» (МШИ), «Megamind» (ШНоЗ), «Айтишники» (Высший ІТ колледжі), «Алтай» (БШ), сондай ақ «Военная кафедра» қатысты.
Шара барысында әсем әуендер шырқалып, шығармашылық топтың биі мерекелік көңіл күй сыйлады.
Ойын нәтижесінде командалар мынадай тізбекпен жеңіс тұғырына жайғасты. «Жеңіс Рухы» (МШИ) - 1 орын, «Железные нервы» (ШАСиЭ) - 2 орынды иеленсе, «Megamind» (ШНоЗ) - 3 орынды қанжығасына байлады.
Ойын жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың көңілінен шықты. Әр кезең қызықты сұрақтар мен тапсырмаларға толы болды. Бұл шара – білім мен мерекелік көңіл-күйдің үйлесімді көрінісі болды.