Бұл күні біз Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанымызды қорғаған батырларға құрмет көрсетеміз. Олардың батылдығы, табандылығы мен адалдығы біздің жадымызда және еліміздің тарихында мәңгі қалады. Біздің болашағымыз үшін күреске түскен адамдардың алдында басымызды иіп, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне үлкен ерліктері үшін алғыс айтамыз. Бейбіт аспан, бірлік және ертеңгі күнге деген сенімділік үшiн алғысымыз шексiз ! 

Ұлы мереке қарсаңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Жер туралы ғылымдар мектебінің студенттері "Romantic" гүл дүкенімен бірлесіп тыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтап, әкімдік атынан Ұлы Отан соғысы Жеңісiнiң 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды табыс етті.

Бiз сiздердi құрметтейміз! Мәңгілік есімізде! Мақтан тұтамыз!