Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінде 1 курс студенттері арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған саптық шеру және ән байқауы өтті.

Таңертең ерте бірінші курс студенттері сап түзеп, ардагерлердің ерлігіне деген құрметтерін саптық дайындық арқылы көрсетті. Топтар АӘТД оқытушы майор Егембердинов Т.М. басшылығымен біркелкі адымдап, бұйрықтарды нақты орындай отырып, өткеннің өнегесіне тағзым етті.

Айта кету керек, студенттер бұл іс-шараға аса жауапкершілікпен қарады: киім үлгісі сақталған, дене түзу, көздерінде – Отанға деген мақтаныш сезімі.

Бұл марш тек дайындық емес, сонымен қатар Жеңіс күнінің маңыздылығын терең түсінуге себеп болды. Себебі саптық адым — бұл тек әскери тәртіп қана емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығының, патриотизм мен бірліктің символы.

Шеру нәтижесі бойынша:

  • 1 орын – 2ОД-1к взводы
  • 2 орын – 1ОД-1к взводы
  • 3 орын – 6ОД-1р взводы
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлы Жеңістің рухы — мәңгі жүрегімізде!