Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы Сізді философия докторы (PhD) дәрежесін алу мақсатында сәтті қорғаған докторлық диссертацияңызбен шын жүректен құттықтайды!

2025 жылғы 6 мамырда Торайғыров университеті жанындағы диссертациялық кеңесте 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» бағыты бойынша 8D07201 – «Металлургия» білім беру бағдарламасы аясында «E-waste» және техногендік шикізатты бірлестіре өңдеудің гидрометаллургиялық схемасын зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысыңызды жоғары деңгейде қорғап шыққаныңыз – отандық ғылым үшін үлкен жетістік деп білеміз.

Ғылыми жетекшілеріңіз – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, VERITAS артықшылық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Саденова Маржан Ануарбековна (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Өскемен қ.) және PhD докторы, профессор-ғалым Варбанов Петар Сабев (Иштвана Сечени университеті, Дьёр қ., Венгрия) бастаған ғылыми жолыңыз – халықаралық деңгейдегі зерттеушілік әлеуетіңіздің дәлелі.

Сізге шығармашылық табыс, ғылыми жаңалықтар мен жаңа белестер тілейміз!

Ізгі тілекпен,
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы