Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «АРУ FEST» мерекесі ұйымдастырылды. Бұл ерекше шара университеттің нәзік жанды қызметкерлері мен студенттеріне арналып, қызықты концерттік бағдарламамен өтті.

Шара «Шоу-Балет Extasy» тобының Моцарттың әсем әуенімен ашылуымен басталды. Балет тобының қойылымы барлық қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мереке барысында- Акаев Айбек Муратбекович және Манцуров Олег Александрович - сөз сөйлеп, әйелдер қауымына өз құттықтауларын жеткізді.

Мереке барысында Кеңжайықтың орындауындағы «Анаға сезім» әні көпшілікті ерекше әсерге бөлеп, ұлттық музыкадан да әндер орындалды. «Ерке сылқым» күйі мен «Түркімен» композициясы көрермендерге ұлттық мәдениетімізді тағы бір мәрте танытты.

Военная кафедра студенттері флешмоб ұйымдастырып, қатысушыларды көңілдендірді. Мереке жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушыларға қуаныш пен ерекше көңіл күй сыйлады.

«АРУ FEST» университеттін әйелдерге деген құрметті тағы бір рет айқындап, барша қатысушыларға ерекше сәттер ұсынды.

  Фойедегі іс-шара

   Мерекелік концерт

   ЖТҒМ Мерекеге арналған іс-шара