“Қазақстандағы студенттерге әлеуметтік қолдау шаралары” атты тақырыпта ШҚТУ өкілі 24 KZ арнасына сұхбат берді.
Қазақстанда студенттерге арналған әлеуметтік қолдау шаралары жылдан жылға дамып келеді. Оқу орындарының әлеуметтік саясатында студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар бағдарламалар мен жеңілдіктер енгізілуде. Осы орайда, әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі мәселелер университеттер мен мемлекеттік органдар арасында тұрақты талқыланып, түрлі шаралар қабылдануда. Айта кететін жақсы жаңалық биылғы жылдың жаңка оқу жылынан бастап Қазақстанда студенттердің шәкіртақыкөлемі айтарлықтай ұлғайтылады. ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия көлемі екі есе, ал магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады.
Өткен күні 24 KZ телеарнасындағы тікелей эфирде студенттерге арналған әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша маңызды пікірталас өтті. Бұл бағдарламаның күн тәртібінде Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік қолдау шаралары және олардың студенттерге әсері талқыланды. Пікірталасқа Гульнара Жанабаева – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жастар саясаты департаментінің директоры қатысты.
Гульнара Нұртасовна эфир барысында университеттегі әлеуметтік қолдау шаралары туралы атап өтті: «Біз Алматы мен Астана сияқты орталық қалалармен салыстырғанда, студенттерімізге қолайлы жағдайлар жасайтын көп мүмкіндіктер ұсынамыз. Бізде барлық студенттеріміз жатақханамен толық қамтылған. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған студенттер жатақханаларда тегін тұрады, ал кейбір студенттерге жеңілдіктер мен арнайы жеңілдіктер ұсынылады», – деді ол.
Сонымен қатар, ШҚТУ-да әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған арнайы құжат қабылданғаны атап өтілді. Бұл құжат «Әлеуметтік жеңілдіктер мен қолдау шаралары туралы ереже» деп аталады және онда студенттерге түрлі жеңілдіктер ұсынылады. Әр категориядағы студенттер үшін оқу ақысына 100%-дан 35%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жеңілдіктер әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған студенттерді, мүмкіндігі шектеулі студенттерді және басқа да ерекше қажеттіліктері бар студенттерді қамтиды.
Әлеуметтік қолдау жүйесі студенттердің оқу процесін жеңілдетіп қана қоймай, олардың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етеді. Мысалы, университеттерде жатақхана мәселесі үлкен маңызға ие, себебі студенттердің көпшілігі үшін жатақхана оқу орындарының негізгі қажеттіліктерінің бірі болып табылады. ШҚТУ бұл мәселеге ерекше назар аударады және барлық студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге тырысады.
Қазақстандағы жоғары оқу орындарында әлеуметтік қолдау көрсету шараларының дамуы студенттерге білім алу процесінде қиындықтарды жеңіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты университеттер мен мемлекеттік органдардың бірлесіп жұмыс істеуі маңызды, себебі бұл еліміздің білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.
Қорытындылай келе, әлеуметтік қолдау шаралары Қазақсатнның жоғары оқу орындарындағы студенттержің өмір сүру жағдайларын жақсартуға және олардың сапалы білім алуға мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Әлеуметтік жеңілдіктер мен қолдаулар студенттерге оқу процесін жеңілдетіп, олардың қоғамға өз орны табуға жағдай жасайды.