Өскемен қаласында республикалық деңгейдегі маңызды шара – Мансап орталықтары форумы өтті. Шараны Қаржы орталығы акционерлік қоғамы ұйымдастырды. Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен жоғары оқу орындарының мансап орталықтарының басшылары мен қызметкерлері, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы 'Қаржы орталығы' АҚ, жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, «Серпінді қолдау» өңірлік офисінің өкілдері қатысты.

Шараның басты мақсаты – «Серпін» бадарламасы бойынша оқыған түлектердің грантты өтеуіне байланысты өзекті мәселелерді шешу болды.

Форум аясында бірнеше тақырыптық диалогтық алаңдар мен панельдік сессиялар өтті. Атап айтсақ, «Мемлекеттік грантты міндетті өтеу және оны орындамағаны үшін жауапкершілік: мәселелер мен шешімдер», «Мансап орталығы – университет пен еңбек нарығы арасындағы навигатор», «Жұмыс берушілермен ынтымақтастық: форматтар мен үздік тәжірибелер» секілді маңызды тақырыптар төңірегінде пікір алмасу өтті.

Жиында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Мансап орталығының директоры Трофименко C. А. жоғары оқу орындарында өтініштерді электронды түрде қабылдау жүйесінің артықшылықтары жайлы баяндама жасап, бұл бағыттағы заманауи өзгерістер мен тәжірибелермен бөлісті. Аталған бағыт бойынша университеттің атқарған қызметі жоғары бағаланды. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «Қаржы орталығы» басшылығынан Алғыс хатқа ие болды.

Отырыста жұмысқа жолдама беру барысындағы ЭЦҚ-ны (электрондық цифрлық қолтаңба) пайдалану – ашықтық пен ыңғайлылықтың кепілі екендігі айтылып, мансап орталықтарының мемлекеттік грантты өтеуге көмектесудегі маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, педагог мамандығының кәсіби дамуы, «Серпін» бағдарламасының он жылдық қорытындылары мен болашағы, бағдарлама түлектерінің еңбек нарығындағы мүмкіндіктері де кеңінен қозғалды.

Екінші күні өңірлік мансап мамандары қатысқан дөңгелек үстел мен нетворкинг-сессия түріндегі бейресми кездесулермен жалғасты. Жиын қатысушыларға тәжірибе алмасып, жаңа идеялар мен жобалар аясында бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Форум соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді