Бүгін Шығыс Қазақстан техникалық университетінің өкілдері Риддер аграрлық-техникалық колледжінің бітіруші түлектерімен маңызды кездесу өткізді. Бұл шараға университеттің Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы Айбек Акаев, Бизнес мектебі деканының орынбасары Аида Жанабаева, Жер туралы ғылымдар мектебінің оқытушысы Берікболұлы Арман, сондай-ақ проект-менеджер Айнагүл Курмангалиева қатысты.

Мақсаты - жастарды университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстыру, олардың болашақта жоғары білім алу мүмкіндіктерін көрсету және оқуға шақыру болды. Университет өкілдері түлектерге оқу орнының түрлі бағдарламалары туралы кеңінен айтып, ғылыми жұмыстар, халықаралық тәжірибелер, сондай-ақ қазіргі заманғы білім беру талаптарына сәйкес білім алу мүмкіндіктерін ұсынды.

Бұл кездесуге қатысқан колледж түлектері университеттің білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытып, болашақ мамандықтары бойынша түрлі сұрақтар қойып, кәсіби кеңестер алды. Университет өкілдері мен Казминералс мамандары жастарға қажетті дағдылар мен білімдер туралы айтып, олардың болашақта кәсіптік тұрғыда жетістіктерге жету үшін маңызды бағыттарды ұсынды.

Нәтижесінде, бұл кездесу түлектер үшін білім жолына жаңа қадам жасауға, өз болашақтарын жоспарлауға мүмкіндік берді. Олар университетке түсу жолдарын қарастырып, кәсіби бағдар алу арқылы өз бағыттарын дұрыс таңдауға ниет білдірді. Университет пен компания өкілдері жас түлектерге білім мен кәсіби дамудың маңызды екендігін түсіндіріп, олардың болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашты.

Осындай шаралар жастардың кәсіби өсуі мен дамуына серпін беріп, болашақ мамандарды жоғары білімге баулып, оларды өндіріске дайындауға үлкен үлес қосады.