Бүгін Шығыс Қазақстан техникалық университетінің (ШҚТУ) оқытушылары мен қызметкерлерінен құралған топ Риддер қаласы, №1 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Абакумова Полина Юрьевнаға ерекше құрмет көрсетіп, оған университет грантының сертификаты мен сыйлықтарды табыстады. Полина Юрьевна «Біз болашақтың қаласын саламыз» номинациясы бойынша «Ақылды Awards» жүлдесінің иегері және «Алтын белгіге» үміткер болып, білім мен шығармашылықтағы жоғары жетістіктерін дәлелдеді.
Бұл марапатты табыстау шарасы барысында, университеттің оқу және ғылыми қызметіне белсенді атсалысып, мектеп оқушыларының түрлі олимпиадалар мен конкурстарға қатысуына ықпал ететін мектеп директоры А.Т. Султанбекова және Полина Абакумованың ата-аналары мен пән мұғалімдері де ұмыт қалмай, алғыс хатпен марапатталды. Бұл марапаттар оқушылардың жетістіктерін бағалап қана қоймай, мектеп ұжымының еңбекқорлығын да мойындаудың айғағы болды.
Шара барысында ШҚТУ мамандары 9-11 сынып оқушыларына университеттің мамандықтарымен таныстыру мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді. Профессиялық бағыттағы ақпаратты «Проект-менеджер» А.С. Курмангалиева ұсынды. Ол оқушыларға жоғары білім алу жолдары мен болашақ мамандық таңдаудағы маңызды қадамдар туралы айтып, жастардың өз болашақтарына деген сенімділіктерін арттырды.
Осындай шаралар университеттің мектеппен тығыз ынтымақтастығын одан әрі нығайтып, жастарға дұрыс бағдар беруде маңызды рөл атқарады. ШҚТУ өз шәкірттерінің болашағына үлес қосу мақсатында кәсіби білім мен тәрбиені қатар ұсына отырып, қоғамға қызмет етуге тырысады.