Шығыс Қазақстан техникалық университетінің өкілдері Қытай Халық Республикасының Қарамай қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің цифрлық технологиялар саласындағы даму және ынтымақтастық форумына қатысты. Үш күнге жоспарланған форумда жасанды интеллект, бұлтты есептеулер, есептеу инфрақұрылымдары және цифрлық технологияларды экономика мен мемлекеттік басқаруға енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.

ШЫҰ мүшелері болып табылатын елдердің жетекші сарапшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері бір алаңда жиналып, тәжірибе бөлісіп, жаңа жобалар мен бастамаларды талқылады. ШҚТУ өкілдері үшін бұл форум цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық тәжірибені меңгеріп, өңірлік және ұлттық деңгейде цифрлық трансформацияны одан әрі дамытуға тың серпін беруге мүмкіндік болды. Форум аясында цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар жаңа бастамалар мен жобалар ұсынылды. Қытай тарапынан жоғары деңгейдегі мемлекеттік өкілдер де қатысты. Бұл шара ШҚТУ-дың ғылыми және білім беру саласындағы халықаралық байланыстарын кеңейтіп, заманауи технологияларды меңгеруде маңызды алаңға айналды.