«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бағдарламасын іске асыру аясында «Менеджмент саласындағы халықаралық стандарттар» пәні бойынша сабақтар өткізу үшін Люблин технологиялық университетінің менеджмент факультетінің доценті, техника ғылымдарының докторы Monika Kulisz шақырылды.

Monika Kulisz сәулет және құрылыс Мектебінің «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасының студенттеріне дәріс оқуда. Шетелдік маман қыркүйек айының соңына дейін 45 оқу сағатын өткізуді жоспарлап отыр.