Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкері Арман Берікболұлы әскери оқу-жаттығу жиындарынан өту кезінде өзін нағыз Отан қорғаушы ретінде көрсетті. 44293 әскери бөлімінің басшылығы басқарма төрағасы - ЖОО ректорына алғыс білдірді.

- Патриоттық сезімді ұстанған Арман Берікболұлы өзінің әскери борышын орындады. Ол өзін еңбекқор, тәртіпті сарбаз ретінде көрсетіп, барлық қиыншылықтардан төзімді өтті. Өз ісінің білікті мамандарын тәрбиелегеніңіз үшін алғыс айтамыз, — делінген хатта.