Қостанайда орын алған орман өрті салдарынан 90-нан астам тұрғын үй зардап шекті. Озерное, Аманқарағай, Калинино, Лесное ауылдарының тұрғындары бас сауғалауға мәжбүр болды. Күн райының ыстығы да, қатты соққан жел де тілсіз жаудың қауқарын күшейте түсті.

Өңір тұрғындары Қостанай қайғы қасіретіне ортақтасады. Бұл жағдай жергілікті халыққа да, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттеріне жат емес. Алтай аймағындағы орманды өлкелерде орын алып тұратын табиғи апаттарда, жұрт жұмыла көтерілуге бейім.

Дәл сол сияқты, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері Қостанай өңіріне аттандырылған гуманитарлық көмек жинауға ат салысты.