Алтай қаласында орналасқан КГУ «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы орта мектеп» базасында «STEAM - технологиялары білім беру саласында: мектеп оқушыларында 4К құзыреттіліктерін қалыптастырудағы инновациялық тәсілдер» атты облыстық семинар өтті. Семинардың басты мақсаты - XXI ғасырдың негізгі құзыреттіліктері (4К): сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық, коммуникация және ынтымақтастық дағдыларын дамыту үшін STEAM технологияларын қолдану саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру.

Семинар барысында әскери кафедра студенттері тактикалық ойын «Имитациялық моделдеу: соғыс әрекеттерін теориядан практикаға» аясында тәжірибелік жетекшілік қызметін атқарды. Олар мектеп оқушыларына қорғаныс аймағын ұйымдастыруға көмек көрсетті, ол үшін барынша қолжетімді ресурстар мен макетте жер бедерін пайдаланды. Студенттер өздерінің дағдылары мен білімдерін іс жүзінде көрсетіп, оқушыларға соғыс әрекеттері мен қорғаныс тактикасын үйретті.

Оқытушылар да семинарда белсенділік танытып, эксперті ретінде тактикалық ойынның нәтижелерін бағалады. Олар тапсырманың орындалуын талдап, әрбір оқушының нәтижелі жұмысын әділ бағалады. Сонымен қатар, университетке түсу бойынша ақпараттандыру және түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.

Бұл шара болашақ мамандардың педагогикалық және әскери бағыттағы дайындықтарын жақсартуға, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.