«Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің «Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының» («СШжСПСҚТТО») қызметкерлері 2025 жылғы 9 қаңтардан 18 қаңтар аралығында «Жылуэнергетика» бағыты бойынша «Өскемен ЖЭО» ЖШС Корпоративтік оқыту орталығында «ЖЭО арналған суды дайындау» тақырыы бойынша тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама барысында «СШжСПСҚТТО» қызметкерлері В.П. Колпакова, Ю.Н.Еремеева, С.Б.Анапьянова «ӨК ЖЭО» ЖШС өндірістік процесімен, турбиналық және қазандық цехтарының жұмысымен, сондай-ақ турбиналық цехтың химиялық бөлімшесімен танысты. «ӨК ЖЭО» ЖШС өндірістің ауқымдылығымен, ғимараттар мен жабдықтардың көлемімен, өндірістің технологиялық процестерін автоматтандырудың жоғары дәрежесімен, қауіпсіздік техникасының деңгейімен, сондай-ақ өндірістің экологиялық қағидаттарын сақтаумен таң қалдырды.

Келесі қызметкерлерге алғыс білдіреміз:

  • Слабодчикова Н. С - «ӨК ЖЭО» ЖШС Корпоративтік оқыту орталығының басшысы;
  • Ахмадиев Е. К. - қазандық жабдықтарын пайдалану жөніндегі инженер;
  • Долинский С. Е. - турбиналық цехтың ауысым бастығы;
  • Садықова Ж.А. - цех бастығының Химиялық жабдықтар жөніндегі орынбасары.

Өндірісте осы тағылымдамадан өту барысында алынған білімді оқытушылар «Өндірістік кәсіпорындардың су шаруашылығы», «Сораптар және сорап станциялары» пәндерін жүргізу кезінде пайдаланатын болады.