ШҚТУ «Атамекен» ҰКП-2025 білім беру бағдарламалары рейтингісінде көшбасшылар қатарынан көрінді
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының тәуелсіз бағалау нәтижелерін жариялады. Аталған рейтинг бағдарламалардың тиімділігін төрт негізгі параметр бойынша бағалайды: түлектердің мансаптық перспективалары, білім беру бағдарламаларының сапасы, студенттердің жетістіктері және жоғары оқу орындарының жалпы көрсеткіштері.
2024 жылғы рейтингке Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың 27 білім беру бағдарламасы қатысып, олардың барлығы үздіктер тізіміне енді. Оның ішінде 21 бағдарлама (78%) ТОП-10 қатарынан көрінді, бұл университеттің жоғары деңгейде маман дайындайтынын дәлелдейді. Әсіресе, ТОП-3 қатарына енген 10 бағдарламаны ерекше атап өтуге болады, олардың үшеуі өз санаттарында бірінші орындарды иеленді.
ШҚТУ-дың үздік білім беру бағдарламалары:
1-орын:
- Көлік, көлік техникасы және технологиялары
- Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
- Металлургия
2-орын:
- Тау-кен ісі
- Пайдалы қазбаларды байыту
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Жылу энергетикасы
3-орын:
- Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық барлау
- Архитектура
- Медициналық инжиниринг (Медициналық техника)
4-орын:
- Экономика және менеджмент
- Техникалық физика
5-орын:
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Көлік құрылысы
- Жер кадастры және жерге орналастыру
6-10 орындар:
- Ақпараттық жүйелер
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Геодезия және картография
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
Рейтинг нәтижелері ШҚТУ білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының заманауи талаптарына толықтай сай екенін және жоғары білікті мамандар даярлайтынын растайды.
Айта кету керек, ШҚТУ түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейі 89%-ды құрайды, бұл Қазақстанның өңірлік университеттері арасында ең үздік көрсеткіш болып табылады.
ШҚТУ білім беру саласында көшбасшылық позициясын нығайтып, елдегі ең мықты техникалық университеттердің бірі ретінде өз беделін сақтап келеді. «Атамекен» ҰКП рейтингінің нәтижелері университеттің білім беру бағдарламаларының жоғары бәсекеге қабілеттілігі мен маңыздылығын тағы да дәлелдеді.