Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті,  Бизнес мектебі Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушылары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» өңірлік іздестірушілер форумының аясында Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханада өткен «Тапқанша, іздеймін» атты дөңгелек үстелге белсенді қатысты.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Өскемен қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және ШҚО ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы болды.

Кафедраның аға оқытушысы Джаксылыков А.Ф. соғыс тұтқындары туралы архивтік деректерге арналған баяндамасымен сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің модераторы кафедраның аға оқытушысы Калиева К.С. болды. Ол майданнан оралмаған төрт атасының тағдырына қатысты өзінің жеке ізденісін баяндап, баяндама жасады. Бұл баяндамалар ғылыми зерттеулер мен жеке тарихты ұштастыра отырып, соғыс жылдарындағы оқиғаларды жан-жақты түсінуге жол ашатынын көрсетті.

Талқылауға Өскемен мен Бородулиха ауданынан келген іздестіруші-еректілер, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың әскери кафедраларының студенттері мен курсанттары, тарих пәні оқытушылары, жастар ресурстық орталықтарының және өңір кәсіпорындарының өкілдері белсене қатысты. Олар үшін бұл шара заманауи іздестіру жұмыстарының әдістерімен тікелей танысуға әрі тарихи мұраны сақтау мен волонтёрлік қозғалысты дамытудағы өз рөлін түсінуге мүмкіндік берді.

Қазақстан халқына 2025 жылғы 8 қыркүйекте арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи жадыны сақтау мен ата-баба ерлігіне құрмет көрсетуді ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын аса маңызды құндылықтар ретінде атап өтті. ВКТУ оқытушыларының іздестіру қозғалысын дамытуға қосып отырған үлесі осы мемлекеттік басымдықтармен толық сәйкес келеді. Өйткені жастарға жеткізілген жеке тарихтар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, азаматтардың тарихи санасын қалыптастырады. Мұндай баяндамалар талқылауға ерекше эмоционалды мән беріп, қаза тапқандардың есімін есте қалдыру жұмысының маңыздылығын айқындады.

Осындай бастамалар университеттің Шығыс Қазақстан облысы мен бүкіл ел үшін қоғамдық маңызы зор жобаларға белсенді араласатын ғылыми әрі білім беру орталығы ретіндегі рөлін нығайта түседі.