21 қыркүйек күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де Тілдер онкүндігінің аясында «Абай» клубымен таныстыру өткізілді. Клуб 2012 жылдан бастап жұмыс істейді, клубтың жетекшісі қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы Шолпан Қуаныш. Аталған клуб Абай мұраларын, оның ұлы туындыларын зерттеу мақсатында құрылған.  Клуб үш секция бойынша жұмыс істейді. Олар: вокал (Абайдың өлеңдері), драма, мәнерлеп оқу.

- «Абай» клубының мүшелері біздің университетіміздің студенттері, үнемі республикалық, облыстық, қалалық «Абай оқулары» және «Оралхан Бөкей атындағы оқу шеберлері» байқауларына қатысып, түрлі номинациялары бойынша жеңімпаз атанып, мақтау қағаздары мен дипломдар иегерлері атанып келеді, - дейді Шолпан Қуаныш.

Таныстыру кезінде клубтың мүшелері Анна Раздолина, Владислав Черепанов, Виктор Клиновицкий қазақ тілін қаншалықшы жақсы білетіндерін көрсетіп, Абай атамыздың өлең шумақтарын көрермендерге оқып беріп, мемлекеттік тілдің мәртебесін бір көтерді. 

Сондай-ақ, қойылымдар қойылып, балалар өлең-шумақтарын оқып, Абай атамыздың әндері шырқалды. «Абай» клубының мүшелері мен шараға қатысқан көрермендердің «Атамекен» әнін тамаша орындауы презентацияны  ұмытылмастай етіп аяқталды.

Құрметті студенттер, сіздерді «Абай» клубына шақырамыз!