Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың бас оқу ғимаратында    "Цифрлы Қазақстан - табыстылық жəне нəтижелілік кепілі" атты жаңа білім беру бағдарламаларының таныстырылуы өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы - Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың Өскемен Халықаралық жоғарғы техникалық мектебі  (ITPS OK). 

Кездесуге Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов, Н.Э. Бауман атындағы Мəскеу мемлекеттік техникалық университетінің (Ұлтьық зерттеу орталығы) доценті Павел Марков, Өскемен ХЖТМ деканы Тамара Сегеда жəне бағдарламаларды əзірлеуге үлес қосқан «Казцинк» ЖШС, «Казцинктех» ЖШС,  «ҮМЗ» АҚ, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, «Майлы дақылдар тәжірибелі шаруашылығы» ЖШС және т.б. кəсіпорындар жəне жергілікті атқару органдарының өкілдері қатысты.

Таныстыру барысында ITPS OK қызметі, іске асыру тәжірибесі туралы, мектепте «ҮМЗ» АҚ үшін әзірленген бағдарламаның жүзеге асырылу тәжірибесі туралы ақпарат ұсынылды, сондай-ақ 8 инновациялық білім беру бағдарламалары таныстырылды: «Нақты егін шаруашылығы», «Медициналық жабдықтар», «Роботтандырылған ұшқышсыз ұшу құралдары», «Аддитивті технологиялар» «Жерді зерттеудің сандық әдістері», «Адамның компьютерлік жүйелермен (Толықтырылған және виртуалды шындық) өзара әрекеттестігі интерфейсі», «Тіршілік қауіпсіздігін басқарудың интелектуалды жүйелері» және «Жобалауда колданылатын BIM-технологиялар»

Әрбір білім беру бағдарламасының Фокус-топтары нақты өндірістік мәселелерді шешу үшін жоғары білікті техникалық мамандарға мүдделі кәсіпорындар болып табылады. Университет әрбір инновациялық білім беру  бағдарламасын әзірлеуде болашақ түлектер үшін қажет құзыреттілік бағыттарын анықтау мақсатында салалық тапсырыс берушілермен бірлесе алдын-ала ауқымды жұмыс атқарды.

Жаһандық деңгейде білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында университетіміз Ресей, Беларусь, Германия және басқа да елдердің жетекші ЖОО-мен, ғалымдармен тығыз байланыс орнатқандығын айта кету керек.

Сондай-ақ, қонақтар үшін  университет зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі